"Қазгидромет" өкілдері ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің Қазақстанға дауыл жақындап келе жатыр делінген мәлімдемесін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" өкілдері ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің Қазақстанға дауыл жақындап келе жатыр делінген мәлімдемесін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кеше үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында Ильин мырза жағдайды ушықтырып, Мәскеуде және Мәскеу облысында дауылға себеп болған фронттардың Қазақстанға жақындап келе жатқанын айтты. Өз кезегінде "Қазгидромет" өкілдері Ильиннің қауіпті фронттардың Қазақстан аумағына келетіні жайлы мәлімдемесін жоққа шығарады", - деді "Қазгидромет" орталығының директоры Марина Шмидт.
Оның айтуынша, ішкі істер министрінің орынбасары айтқан мәлімдемелер халық арасында негізсіз дүрбелең туғызды.
"Ильин мырзаның кешегі мәлімдемесі халық арасында дүрбелең шығарды. Білім беру мекемелерінде жоспарланған іс-шаралар өткізілмеді. Кеше Ильин мырза бізге ешқандай да сауал қоймай, осындай мәлімдеме жасай салды. Біз ауызша және жазбаша түрде мұндай шараларда мамандардың да болуы қажет екенін айтқан едік", - деді Марина Шмидт.
Сондай-ақ, маман Ресейдегі қолайсыз ауа райының бізге де келетінін, бірақ оған қарамастан еліміздегі күн райы айтарлықтай өзгермейтінін айтты.