19 шілде 2017 14:52

Синоптиктердің болжамы: Алдағы күндері 41 градусқа дейін күн ысиды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© massaget.kz © massaget.kz

Синоптиктер 2017 жылдың 20-22 шілдеге арналған ауа райы болжамын жсады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 


Синоптиктер 2017 жылдың 20-22 шілдеге арналған ауа райы болжамын жсады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

"Республикамыздың оңтүстік жартысында, жоғары қысым әсерінен, аз бұлтты жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, температураның қысқа мерзімді төмендеуінен кейін қайтадан көтерілуіне себеп болады. Алдағы екі тәулікте, осында ең жоғарғы ауа температурасы +30...+38°C дейін, ал 22 шілдеде кей жерлерде 41ºС дейін ысиды деп болжануда. Қазақстанның солтүстік жартысында, атмосфералық фронттар және онымен байланысты биік жыралардың әсерінен қалған аймақтарда өткінші найзағайлы жаңбыр, екпінді жел, бұршақ болуы мүмкін деп күтілуде. Осында ауа температурасы нормаға жуық болады деп болжануда. Синоптиктердің болжаумы бойынша, 22 шілдеде кей жерлерде ең жоғары ауа температурасы +30...+35°С дейін жоғарылайды деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше Асатнада қатты жел мен бұршаққа байланысты ескерту жарияланды. Ал оның алдында ШҚО-да дауыл тұрып, Өскеменнің үш ауданында ағаштарды құлатып, көліктер бүлінген. Желдің жылдамдығы секундына 20 метр болады деген ескертуге қарамастан, желдің күші секундына 34 метрге дейін жеткен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети