12 желтоқсан 2014 22:11

Сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаға Павлодар облысының билігі көмектеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mamkompany.ru ©mamkompany.ru

Павлодар облысының билігі сирек кездесетін ауруға шалдыққан баланың емделуіне бес миллион теңге бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодар облысының билігі сирек кездесетін ауруға шалдыққан баланың емделуіне бес миллион теңге бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Кенжекөл ауылында тұратын төрт жасар бала туғанынан ауырады. "Бала сирек кездесетін аурумен ауырады - бастапқы иммунодефицит және ол күн сайын "Иммутин" ішуі керек. Өкінішке орай, бұл дәрі емханада емделуге арналған тегін дәрілер тізіміне кірмейді. Сондықтан баланың еміне облыс бюджетінен 5,2 миллион теңге қаржы бөлу туралы шешім шығарылды", - деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов.

Оның айтуынша, қымбат препаратты балаға Қазақстан мен Беларусь иммунологтары жазып берген. Бүгін облыстың мәслихат депутаттары талап етіліп отырған соманы бекітті.

Қазақстанда бастапқы иммунодефицит ауруымен екі бала ауырады. Науқастар тұқымның ерекшелігінен инфекцияларға қарсы күресе алмайды. Мұндай балаларға суық тиіп қалса да нәтижесі қиынға соғуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети