10 қаңтар 2019 12:45

Сириядан қайтарылған жеті қазақстандық терроризмге қатысы бар деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Сирияда "Жусан" операциясы кезінде елге қайтарылған қазақстандықтар арасында алты ер адам және бір әйелге қатысты терроризмге қатысы бар деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Сирияда "Жусан" операциясы кезінде елге қайтарылған қазақстандықтар арасында алты ер адам және бір әйелге қатысты терроризмге қатысы бар деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сыртқы істер министрлігінің брифингінде Рахымбердиев барлық шаралардың жіті сарапталғаны туралы айтты. 

"Қоғам осы қайтарылған адамдар тарапынан қауіп төне ме деп алаңдаулы. Бірнеше жыл ішінде мұндай масштабта болмаса да азаматтарды жеткізу операциялары жүргізілді. Сотталғандардың кейбіреуі бостандыққа шығып та үлгерді. Қалғанына оңалту шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта осы азаматтардан қауіп көріп тұрғанымыз жоқ", - деді ол. 

"5-6 қаңтарда жүргізілген "Жусан" операциясының нәтижесіне қатысты айтар болсақ, алты ер адам және бір әйелге қатысты терроризмге қатысы бар деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Нақты шешімді сот шығарады. Бұл жағдай ескерілген", - деді Рахымбердиев. 

5-6 қаңтарда Сириядан 30 бала, алты ер адам және 11 әйел шығарылған. 

Журналистер сотталушылардың Қазақстан заңы бойынша азаматтығынан айырылуы мүмкін бе деген сұрақ қойды. 

"Қазіргі уақытта ұрыс жүріп жатқан аймақта жүрген кейбір тұлғаларға қатысты осы шараны қолдану мәселесі қарстырылып жатыр. Бәлкім сот шешімімен іске асатын шығар. Ал, елге қайтарылғанда, бұл мүлде басқа жағдай. Олар өз еркімен елге қайтуға өтініш білдірді. Кінәлі деп танылғандар, осында жауапкершілікке тартылады. Оларды азаматтығынан айыру - қарастырылмаған", - деді ол.

Еске салайық, 5-6 қаңтарда Сирияда қазақстандықтарды құтқару операциясына "Жусан" аты берілді. Ақорда баспасөз қызметі құтқару шарасы туралы деректі видеоролик ұсынды. Әскерилер мен құтқарушылар 5 қаңтарда Ақтаудан ұшып шықты. Ұшақта гуманитарлық көмек, алғашқы қажетті заттар, тамақтану жиынтықтары салынған пакеттер болды. 

47 қазақстандық Сириядан қайтарылды: Назарбаев үндеу жасады

Эвакуация орнына қазақстандық күштер 5 қаңтарда 15:45-те жетті. Видеода балалар үшін қолайлы ұшу шаралары жасалғаны көрсетілген, оларды тамақтандырып, кітаптар мен ойыншықтар берді. Кейбір ер адамдарды ұшаққа көзін жауып кіргізді. Қазақстандықтар отырған борт Ақтауға 6 қаңтарда түнгі сағат екі шамасында қонды. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети