08 шілде 2017 13:32

СҚО-да 6 жасар ресейлік бала осымен төртінші күн іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ІІМ ТЖК © ҚР ІІМ ТЖК

Солтүстік Қазақстан облысында алты жастағы ресейлік баланы төртінші күн іздестіріп жатыр. Ғабит Мүсірепов ауданында жоғалып кеткен баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Солтүстік Қазақстан облысында алты жастағы ресейлік баланы төртінші күн іздестіріп жатыр. Ғабит Мүсірепов ауданында жоғалып кеткен баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"5 шілдеде Старобелка ауылында күндізгі уақытта 2010 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы жоғалып кетті. Ол анасымен бірге туыстарына келген. Куәгерлер 6 жастағы Матвей Буровик сағат 16:00-де туыстарының үйінен шығып, жоғалып кеткенін айтады", - дейді Иманқұлов. 

ТЖ жөніндегі Департаментте сол күні жедел штаб құрылып, ауданда іздеу жұмыстары жүргізіле бастаған. 

"Алдымен СҚО-ның ТЖД, АІІБ қызметкерлері, жергілікті атқару органдары, ауыл тұрғындары жаяу іздеген. Ауыл айналасының тексерілді. Ауылдан 10 шақырым жерде баланың киімдері табылды: шалбары мен шұлық. Туыстары оның Матвейдікі екенін таныды, ал баланың өзі жоқ", - дейді комитет өкілі. 

Кейін "Неженка Ерке" ЖШС-ға тиесілі АН-2 ұшағы және ішкі істер бөлімінің квадрокоптері арқылы аспаннан барлау шешімі қабылданды. Ізге салған ит жаңбыр мен орманға шашылған химикаттар кесірінен іздеуге жарамады. 

"Қазіргі кезде аумақты көлік және атпен аралап жүр. Іздеу аумағының радиусы 25 шақырым. Сүңгуірлер екінші күн жергілікті Ұлыкөл түбін тексеріп жүр", - дейдә Иманқұлов. 

Іздеу жұмыстарына 160 адам, 16 техника жұмылдырылған. Әзірше іздеу жұмыстары нәтиже бермеді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети