26 сәуір 2014 12:05

СҚО полиция қызметкері жас жігітті қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК телеканалының кадры КТК телеканалының кадры

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкері 28 жастағы екі баланың әкесін қағып өлтірді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкері 28 жастағы екі баланың әкесін қағып өлтірді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Мамлют аудандық ІІБ Қылмыстық іздестіру бөлімшесінің бастығы Айдос Қантаев қазір жұмыстан қуылып, қамауға алынды. Кінәсі дәлелденсе, енді ол жеті жылға сотталуы мүмкін. Расталмаған дерек бойынша, полиция қызметкері қылмыс жасау кезінде ішімдік ішіп алған, алайда сараптама қорытындысы әлі дайын болған жоқ.

Бұл ауыр апат Малютка ауданының орталығында орын алған. Руслан Рахметов сол түні көрші ауылдағы туыстарынан жаяу қайтып келе жатқан. Алайда ол жол апатына ұшырап қаза болды. Полиция қызметкері көліктен шығып, мәйітті көріп, көліктің мемлекеттік нөмірін ағытып, мүрденің жанына тастап кеткен. Қантаевтың әріптестері ол жасырынып қалуға тырыспағанын, қайта ішкі істер бөлімінен барғанын айтып, сендіріп отыр. 

Бөлімшедегілер Қантаевқа тек оңды мінездеме беріп отыр. Жол көлік оқиғасы оның өз қызметін атқару тұсында болмаған және жеке көлігімен жүрген. Қантаевтың ата-анасы қайтыс болған жігіттің жерлеу рәсіміне қатысып, оның жақындарынан кешірім сұраған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети