СІМ басшысы Астанадағы Сирияға қатысты кезекті кездесу туралы айтты

02 Наурыз 2017, 19:13
0
СІМ басшысы Астанадағы Сирияға қатысты кезекті кездесу туралы айтты - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов кепіл елдердің Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздердің қашан және қандай деңгейде өткізетіндерін талқылап жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз кепіл елдерден алдын ала мәлімет алдық, солардың қатарында Ресей де бар. Олар қазір Астанадағы кезекті кездесуді қашан және қандай деңгейде өткізетіндерін талқылап жатыр. Келесі аптаның басында нақты мәліметтің болатынын айтты", - деді СІМ басшысы журналистерге.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанадағы Сирияға қатысты кезекті кездесудің наурызда өтуі мүмкін екені хабарланған болатын.




  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай