11 наурыз 2019 17:48

СІМ Қытайда ұсталған қазақстандық қызға қатысты оқиғаның мән-жайын айтты

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото: Юлия Ходеваның әлеуметтік желідегі парақшасынан © фото: Юлия Ходеваның әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қытайда есірткі сатты деген күдікке ілінген қазақстандық студент қыз Ханчжоуда алты жылдық оқуды бітіргелі жатқан екен, бірақ ол консулдықта тіркеуде болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.


Қытайда есірткі сатты деген күдікке ілінген қазақстандық студент қыз Ханчжоуда алты жылдық оқуды бітіргелі жатқан екен, бірақ ол консулдықта тіркеуде болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

"Бүгін қыздың ата-анасы жалдаған заңгер бұл іске қатысты мәлімдеме жасады. Аптаның соңына дейін консул мен студент қыздың кездесуі жоспарланып жатыр. Оған қоса уақытша ұстау изоляторындағы қыздың жағдайы анықталмақшы. Қытай заңына сәйкес, оны қорғайтын заңгер тек Қытай азаматы болуы тиіс. Қыздың ата-анасы қазіргі уақытта Қазақстанда. Тергеу мәліметтері жарияланбай жатыр. Оған тағылатын айыптың ауырлығы қыздан табылған есірткінің көлеміне байланысты", - деді Смадияров министрліктің баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, заңгердің ақысын ұсталған қыздың ата-анасы өз қалталарынан шығарған.

"Біз тек консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатырмыз. Оларға тәжірибелі заңгер табуға және оның құқығының бұзылмауы, денсаулык және күтімі жағынан көмек көрсете аламыз. Қытайда есірткіге қарсы күреске аса қатты назар аударылады. Ол жақта әрдайым рейд өтіп тұрады. Қазіргі уақытта басқа жерлестеріміздің ұсталғаны жайлы бізге ақпарат түскен жоқ", - деді СІМ өкілі. 

Ақтаулық 25 жастағы Юлия Ходева Қытайдың Ханчжоу қаласында алтыншы жыл тұрып жатқан болатын.

"Осы уақытқа дейін ол оқуын тәмамдауы тиіс еді. Өкінішке орай, ол консулдық тіркеуге алынбаған. Консул қызметкерлері оның ол жақта оқығаны жайлы білмеген. Бұл ерікті түрде жасалады. Біз шетелде жүрген азаматтарымызға және ол жақта оқитындарға тіркелуге шақырамыз", - деді Смадияров.

"28 ақпанда біздің консул Юлиямен телефон арқылы байланысқа шықты. Бұл мәселе біздің Шанхайдағы бас консулдықтың басты назарына алынды. Оның ата-анасымен хабарласып, оқиғаның мән-жайын түсіндірдік", - деп мәлімдеді СІМ өкілі. 

Еске салайық 27 ақпанда Қытайдың полиция қызметкерлері ақтаулық 25 жастағы Юлия Ходеваны есірткі сақтап, оны таратқаны үшін күдікті ретінде тұтқынға алған болатын. Тергеу ісі үш айға дейін созылуы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети