СІМ өкілдері 2 мың қазақстандыққа Түркияға кіруге неге тыйым салынғанын түсіндірді

18 Шілде 2017, 12:13
0
СІМ өкілдері 2 мың қазақстандыққа Түркияға кіруге неге тыйым салынғанын түсіндірді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

ҚР-дің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері 2 мың қазақстандыққа Түркияға кіруге тыйым салынғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін ғана маған Қазақстанның Түркиядағы елшілігіндегі әріптестерім БАҚ-тарда шыққан ақпараттың бұрмаланғанын айтты. Сондықтан түсіндірейін. Біздің мәлімет бойынша, Түркияның ІІМ кітап жариялады. Онда статистика келтірілген, 2011 мен 2017 жылдар аралығы ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымымен байланысы бар деген күдікпен ұсталған азаматтардың тізімі берілген. Оның ішінде Қазақстан, Ресей, Франция, Сауд Арабиясы және басқа елдердің азаматтары бар. Яғни бұл статистикалық мәліметтер. Бұл азаматтардың көбі елдеріне оралған болуы мүмкін", - дейді ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Еске салайық, Түркияның ДАИШ-пен күрес туралы баяндамасында Қазақстанның 1914 азаматы қара тізімге енгізілгені хабарланған болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай