СІМ Таиландта зардап шеккен Қазақстан азаматы туралы пікір білдірді

Таиландта Қазақстан азаматы зардап шекті. Оның жағдайы ауыр, қазір комада, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СІМ мәліетінше, отандасымыздың жағдайы ауыр, қазір комада жатыр. Жергілікті биліктердің ескертуіне және тыйым салуына қарамастан ол теңізге түсіп, көп су жұтып қойған.

"Соңғы күндері Пхукетте қатты толқындар көтеріліп, жағалауға қызыл жалаулар шығарылған. Біздің азаматтың денесін судан шығарғаннан кейін құтқарушылар оған жасанды тыныс жасап, дәрігерлерге тапсырды. Қазір ол жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Отандасымызды Таиландтан Қазақстанға санавиация ұшағымен тасымалдау үшін қазақстандық дәрігерлер консилиумының қорытындысы қажет", - делінген хабарламада.

Ол тай дәрігерлерінің медициналық шешімі негізінде жасалады. Қазіргі таңда консул бұл мәселемен айналысып жатыр.

"Құтқарылған жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып келіп, дипломаттармен бірге дәрігерлермен келіссөздер жүргіп жатыр. Таиландта демалып жатқан ҚР азаматтарын жергілікті билік органдарының ережелері мен талаптарын сақтауға шақырамыз және метеорологиялық шектеулер кезінде теңізге түспеуді ескертеміз. Өкінішке қарай, бұл соңғы аптада Таиландта отандастарымызбен орын алған екінші оқиға", - дейді СІМ өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!