12 қыркүйек 2014 12:48

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ барлық жұмысшысының жалақысы бірдей - Мұхамбетов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Архимед Мұхамбетов ©tengrinews.kz Архимед Мұхамбетов ©tengrinews.kz

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясында жұмыс істейтін Қазақстан мен Қытай азаматтарының жалақысы бірдей дейгейде, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке сілтеме жасап. Бұл туралы аймақ басшысы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.


"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясында жұмыс істейтін Қазақстан мен Қытай азаматтарының жалақысы бірдей дейгейде, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке сілтеме жасап. Бұл туралы аймақ басшысы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Соңғы жылдары облыста жұмыс істейтін мұнай компаниясы жұмысшыларының жалақысына қатысты түрлі дау-дамай туындағаны белгілі. Оның ішінде, Қытай жұмысшыларының қазақстандықтарға қарағанда анағұрлым көп жалақы алатыны айтылған еді. Осыған қатысты аймақ басшысы қазір барлық ушыққан мәселенің реттелгенін жеткізді.

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясында жеті мыңға жуық адам жұмыс істейді. Солардың 6-7%-ы - қытайлық азаматтар. Барлығы виза арқылы заңды түрде келіп жатыр. Құзырлы орындар олардың барлығына жіті бақылау жасайды. Ал сервистік қызмет көрсететін компанияларда заңбұзушылықтардың болғаны рас. Инженер ретінде жұмыс істейтін отандастарымыз бен Қытай азаматтарының жалақысы арасында айырмашылық болды. Оның барлығын анықтадық. Осыған қатысты үшжақты комиссия жұмыс істеп жатыр. Оған өзім төрағалық етемін. Дағдарысқа қарсы штабымыз бар. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты", - деді Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Сондай-ақ қазір мәселе реттеліп, кәсіпорынға айыппұл салынған. "Алдағы уақытта осыған қатысты келеңсіздіктер болмайды деп сендіремін. Жұмысшы болсын, бұрғылаушы мен инженер болсын - барлығының жалақысы бірдей", - деді облыс басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети