27 қазан 2016 18:14

Соловьева: Тәуелсіздіктің 25 жылдығы - елдің одан әрі даму болжамының алаңы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Cурет Tengrinews.kz мұрағатынан Cурет Tengrinews.kz мұрағатынан

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы - елдің одан әрі даму болжамының алаңы. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің IV, V шақырылымының депутаты Айгүл Соловьева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.


Тәуелсіздіктің 25 жылдығы - елдің одан әрі даму болжамының алаңы. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің IV, V шақырылымының депутаты Айгүл Соловьева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мен барша қазақстандықтарды ел егемендігінің 25 жылдығымен құттықтаймын. Тәуелсіздіктің алғашында өзіміздің шекарамызды белгіледік. Бұл ауқымды саяси қадам. Әлемде шекарадағы түсініспеушілікке байланысты қанша дау болып жатыр. Біз экономиканы қалыптастырдық, қазір біз Doing Business Report рейтингі бойынша шағын және орта бизнеске жағдай жасау  саласында   50 елдің қатарындамыз. Бізде  ұзақмерзімді "Қазақстан-2050" Стратегиясы бар. Бұл бәсекелестігі жоғары  30 елдің қатарына енгізетін бағдарлама", - деді А.Соловьева.

Ол айтып өткендей, тарихтың есебінше 25 жыл аз уақыт, бірақ жетістіктер бойынша бұл уақытты жүзжылдыққа  балауға болады.

"25 жыл - даму әлеуетін саралап, жаңа вектор құрудың уақыты. Мәселен, ауыл шаруашлығы - біздің негізгі базисіміз, біз әлем бойынша тоғызыншы орында тұрмыз. Біз жарты әлемді қоректендіретін өнім шығара аламыз. Біз сот және құқыққорғау жүйесі бойынша жұмыс істеуіміз керек", - деді А.Соловьева.

Қоғам қайраткерінің айтуынша, қазір Қазақстанда индустрияландыру мен инновацияны дамыту керек. "Азаматтар  біз ескі технологиялар арқылы жүре алмайтынымызды  түсінуі керек, жаңасын дайындау керек. Сондықтан Қазақстанда үш тілді білу мақсаты  қойылып отыр", - деді ол.

Оның айтуынша, бәсекеге қабілетті болу үшін  білімді адамдардың кеңесін ұстануымыз керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети