14 наурыз 2017 | 16:34

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ауысты

© mitropolia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Президент әкімшілігінің басқарма басшысының орынбасары Құмар Ақсақалов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Президент әкімшілігінің басқарма басшысының орынбасары Құмар Ақсақалов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын", - делінген Жарлықта.

Реклама
Реклама

2014 жылдың 27 мамырынан бастап облысты Ерік Сұлтанов басқарып келген еді. 

Құмар Ақсақалов 1965 жылы Қостанай облысында туған. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтын тәмамдаған. 1987-1989 жылдары - Қостанай облысы Урицкий ауданы "Крыловский" кеңшарының бас инженері болды. 1989-1991 жылдары - Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетінің бірінші хатшысы болған. 1991-1992 жылдары - Қостанай облысы Урицкий ауданы "Маяк" кеңшарының бас инженері болып қызмет еткен. 1992-1993 жылдары - Қостанай облысы Қостанай ауданы "Новоселовка" мемлекеттік шағын кәсіпорнының директоры. 1993-1996 жылдары - Қостанай облысы Қостанай ауданы "Қостанай" ғылыми-өндірістік бірлестігі директорының орынбасары болды. 1996-1998 жылдары - Қостанай облысы Меңдіқара ауданының "Север" ұжымшарының төрағасы, "Север" ААҚ президенті қызметін атқарды. 1998-2002 жылдары - Қостанай облысы Меңдіқара аудан әкімі. 2002-2004 жылдары - Қостанай облысы Таран ауданының әкімі. 2004-2006 жжылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2006-2010 жылдары - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 2010-2014 жылдары - "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы. 2014-2015 жылдары - "Нұр Отан" партиясының хатшысы қызметтеін атқарған. 

2015 жылдың қыркүйегінен бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Экономика ғылымының кандидаты, "Құрмет" орденімен (2011), "Ерен еңбегі үшін" (2005) медалімен, 2 мерейтойлық медальмен марапатталған.

Сонымен қатар, бүгін Қарағанды облысының, Маңғыстау облысының және Ақмола облысының әкімдері ауысты. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапырымен келді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная