Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге азайды

26 Қыркүйек 2016, 14:20
0
© stolko-to.ru
© stolko-to.ru

Туберкулезге қарсы кешенді шараларды сапалы жүзеге асыру нәтижесінде соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге азайып, өлім-жітім көрсеткіші 5 есеге төмендеді. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова туберкулезді біріктірілген бақылау бойынша Халықаралық конференция барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.  

Тамара Дүйсенова конференция қатысушыларына Қазақстандағы туберкулезбен күресу шаралары туралы мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының Туберкулезбен күрес ұлттық бағдарламасына саяси қолдау көрсетуінің, сонымен қатар, ведомствоаралық және салааралық өзара байланыс нәтижесінде соңғы жылдары елімізде аталған ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай едәуір жақсарды", -  деді Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, халыққа туберкулезге қарсы көрсетілетін көмектің сапасын әрі қарай жетілдіру үшін Туберкулезді бақылаудың біріктірілген моделі жасалды. Ол аталған аурумен күрестің барлық басым бағыттарын қарастырады.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Туберкулезбен күрес халықаралық одағының саясатын ұстана отырып, Қазақстанда туберкулезбен күресу шаралары алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесімен біріктірілді. Мемлекет туберкулезбен сырқаттанған адамдарға қажетті жеткілікті қаражат бөліп отыр. Инфекциялық бақылау шаралары күшейтілді. Аталған ауруды диагностикалаудың инновациялық жеделдетілген үлгілерін енгізу жалғасуда", - деп хабарлады Дүйсенова.

Естеріңізге салсақ,  Алматыда туберкулезді біріктірілген бақылау бойынша Халықаралық конференция өтіп жатыр. Екі күннің ішінде конференцияға қатысушылар 2016-2035 ж. арналған "EndTB" ДДСҰ стратегиясын Орталық Азия аумағында жүзеге асыру мәселелерін, оның ішінде МСАК ұйымдары деңгейінде туберкулезді емдеу мен диагностикалаудың жеделдетілген үлгілерінің қолжетімділігін арттыру, пациенттер мен дәрігерлердің ортақ жауапкершілігін ұлғайту мәселелерін талқылайды.

Айта кетейік, туберкулез қоғамдық денсаулық сақтау саласының, әсіресе, Еуро-Азия аймағындағы елдердің маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. ДДСҰ-ның соңғы мәліметіне сай, жыл сайын әлемде туберкулезбен 8,5 млн-ға жуық адам сырқаттанады. Оның ішінде көптеген дәрілерге төзімді 500 мыңнан астам жағдай тіркелсе, аталған аурудан 1,3 миллион адам қайтыс болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай