1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"SOS" балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық мерекелік іс-шара өтті01 маусым 2018, 10:51

© Ербол Алибаев © Ербол Алибаев

"SOS" балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық мерекелік іс-шара өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РЭжБӘИИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында, әскери қызметшілердің балаларына және әскери оқу орнына бекітілген "SOS" балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған "Мейірімді жүрек" тақырыбында, қайырымдылық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс істеу қызметінің шақыртуымен, Алматы қаласының белді деген көркем өнерпаздары, бишілер ансамбілі, мерекеліс іс-шараларды ұйымдастырушы топ шақырылды.

"Балалар алдында ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мұрат Мұтырғановтың жетекшілігімен цирк қойылымдары, "Грация", "Эльбрус" бишілер ансамбілі, трансформерлер мен сусабын көбіктерін шашу шоулары ұмытылмастай әсер қалдырды. Меркелік іс-шара кереметтей жылы, көңілді, әдемі жағдайда өтті, соңынан балаларға мерекелік сыйлықтар үлестірілді", - делінген хабарламада. 


© Ербол Алибаев