20 мамыр 2014 17:16

Сот Kcell-ға салған айыппұлды 50 есеге азайтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Алматы қалалық сотының әкімшілік және азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы "Кселл" (Kcell) акционерлік қоғамына салынған айыппұлды 16 миллиард теңгеден 325 мың теңгеге дейін азайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы қалалық сотының әкімшілік және азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы "Кселл" (Kcell) акционерлік қоғамына салынған айыппұлды 16 миллиард теңгеден 325 мың теңгеге дейін азайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бәсекелестікті қорғау агенттігі "Ксеll" компаниясынан нөлдік баланс кезінде байланысты үзбей, сол қызметі үшін алған қыруар қаражатты абонеттерге қайтарып беруді талап еткен. Осыған байланысты агенттік бәсекелестік туралы заңнаманы бұзғаны үшін оған 16,054 миллиард теңге көлемінде айыппұл салу туралы арызды сотқа түсірген болатын. Наурыздың басында болған сот отырысында оның бұл арызы бойынша оң шешім шықты. Ал мәселенің мәнісі мынада - Activ бренді "Күндізгі безлимит" тарифтік жоспары аясында артық "жеңілдік" жасаса, Kcell нөлдік баланс кезінде байланыс қызметін үзбей, сол үшін ақша алып отырған. Ондай шаралар Қазақстанның бәсекелестік туралы заңнамасына сай келмейді. Осыған байланысты бәсекелестікті қорғау агенттігі компанияны доминанттық рөлді асыра пайдаланып кетті, сондай-ақ тұтынушылардың құқығын бұзды деп айыптады. Алайда Ксеll сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Компания қорғаушыларының айтуынша, айыппұлдың көлемі барлық қоңыраулардан емес, нақты тарифтен түскен табыстың 10 пайызына тең болуы тиіс. Сот бұл уәжбен келісті.

Сөйтіп, Алматы қалалық сотының әкімшілік және азаматтық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасы "Кселл" (Kcell) акционерлік қоғамына салынған айыппұлды 16, 054 миллиард теңгеден 325,850 мың теңгеге дейін азайтты. Соттың бұл шешімі заңды күшіне енді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети