01 ақпан 2014 16:35

Сот актісі сегіз жыл бойы орындалмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астанада сегіз жыл бойы орындалмай келген сот актісіне байланысты оң шешім шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап. Астана қаласының Алматы аудандық прокуратурасына К.Акеров деген азамат шағымданып, қуыным талабы бойынша сот шешімінің ұзақ жыл бойы орындалмай келе жатқанын айтқан. Қуыным борышкерден қарыз өндіруге қатысты. Прокурорлар азаматтың қуыным талабы 2005 жылы Алматы аудандық cотының шешімімен қанағаттандырылғанын анықтады. Алайда сот орындаушылары содан бері оны іске асыру үшін ешқандай шараны қолға алмаған. Шағымды қарау нәтижесінде Акеровтың борышкерінің 2007 жылдың шілдесінен бері "Айа" мәдени-спорттық саябақ кешенінде сантехник болып жұмыс істейтіні және тұрақты жалақы алатыны анықталды. Прокурорлық әрекет ету шарасының арқасында шағымданушының құқы қалпына келтіріліп, атқару өндірісі жанданды. Азаматқа қарыз ақшасы түгел қайтарылды Еске салайық, биыл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "ҚР атқару өндірісін жетілдіру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойған болатын. Заң сот шешімдерін орындамаудың жазасын күшейтіп, жауапты жұмысшылардың өкілеттігін арттыруды көздейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети