08 сәуір 2014 12:29

Сот жұмыстан шығарылған астаналық полицейдің талабын қанағаттандырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астанада ішкі істер департаменті кадр жұмысы басқармасының жеке құрам жөніндегі инспекциясының бастығы, полиция подполковнигі Өтепберген Тынымбаев департаменттің өзін жұмыстан шығару туралы шешіміне қарсылық келтірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада ішкі істер департаменті кадр жұмысы басқармасының жеке құрам жөніндегі инспекциясының бастығы, полиция подполковнигі Өтепберген Тынымбаев департаменттің өзін жұмыстан шығару туралы шешіміне қарсылық келтірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тынымбаев Сарыарқа аудандық сотына өзінің ішкі істер органдарынан шығарылуы туралы бұйрықты заңсыз деп табу туралы талап арызбен шағымданды. Сарыарқа аудандық соты 7 сәуірде Тынымбаевтың талабын қанағаттандырды", - делінген хабарламада.

Департамент мамандары оның не үшін жұмыстан шығарылғанын түсіндірді. "Жүргізілген қызметтік тексеру барысында Тынымбаевтың Интернациональный елді мекенінде үй құрылысына Өзбекстаннан келген заңсыз мигранттарды тартқаны және полиция қызметкерлеріне құрылысқа материалдар тасытқаны анықталды", - дейді баспасөз қызметі. Тынымбаев өзінің қызметтік көлігін де осы мақсатқа пайдаланған. Бұған қоса, ол заңсыз қосымша табыс түсіру үшін өзі жалға алған қызметтік пәтерін өзгелерге жалға берген.

"Құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіретін теріс қылығы үшін және қызметтік көлігін жеке мақсатқа пайдалану түріндегі жемқорлық құқық бұзушылыққа барғаны үшін, заңға қайшы әрекеті үшін, әкімшілік заңбұзушылық жасағандарға қатысты шара қолданбағаны үшін ол жағымсыз негізде ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды", - дейді ішкі істер департаментінің мамандары.

Департамент өкілдері сот шешіміне қатысты өз пікірін айтты. "Тынымбаев жасаған өрескел тәртіптік теріс әрекеттердің айқын сипатын есепке ала отырып, Астана қаласы ішкі істер департаменті аталған сот шешімін негізсіз әрі кері қайтарылуы тиіс деп есептейді, өйткені бұдан Тынымбаевты жұмыстан шығаруды ұсынған алқалы орган - Астана ІІД тәртіптік комиссиясының объективтілігіне күмән келіп қана қоймайды, сонымен бірге, өз қызметкерлерінен заңдылықтың сақталуын талап етіп, ол үшін жазалай алатын департаменттің жұмыс беруші ретіндегі құқығы да бұзылады", - делінген хабарламада.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети