27 қыркүйек 2015 19:24

Сот орындаушылары жауып тастаған "Алатау" базары келесі күні қайта ашылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот орындаушылары жауып тастаған "Алатау" базарының "алтын павильоны" соттың шешіміне қарамастан келесі күні қайта ашылған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне құқыққорғаушы Василий Резванның өкілі хабарлады.


Сот орындаушылары жауып тастаған "Алатау" базарының "алтын павильоны" соттың шешіміне қарамастан келесі күні қайта ашылған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне құқыққорғаушы Василий Резванның өкілі хабарлады.

Бүгін Youtube видеохостингінде "Алатау базары. Соттың шешіміне түкіргендері бар" деген тақырыппен видео пайда болды.

Видеороликте саудагерлердің өз тауарларын қайта шығарып, жұмысты жалғастырып жатқанын көруге болады. Кадр сыртындағы ер адам кеше ғана сот орындаушыларының бұл базарды жапқанын айтады. Еске салайық, 25 қыркүйекте "Алатау" базарындағы "алтын" деп аталып кеткен павильон жұмысын тоқтатқан болатын. Сот орындаушыларының әрекеттеріне қасқағым сәтте жұмыссыз қалған сатушылар наразы болды. Сот орындаушылары кіреберіске жіп тартып, мөр басқан, себебі олар кеше темір есікті алып тастап үлгеріпті.

Бұл әңгімеге Кәсіпкерлер одағының қорғаушысы әрі президенті Василий Резван араласты. Оның мәлімдеуінше, ғимарат оңай тұтанатын алюкобондтан тұрғызылған. Ол кәсіпкерлер мен сатып алушыларды қорғағысы келетінін айтты. Алайда оның сөзін "Достар Сауда" ЖШС директорының орынбасары бөліп, бір келеңсіздіктің болғанын және оның қолында құжаттардың бар екенін, талап бұзушылық сот орындаушылары айтқандай 53 емес, 27 екенін айтып, Резванды біреудің тапсырысын орындаушы, азғырушы деп атады. Алайда Резван ақталып, ешқандай пайданы көздемейтінін жеткізді. Қысқасын айтқанда, сол жерде Резванға қатысты бірнеше адамның аты-жөні аталып, арты дауға ұласты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети