Сот "Шымкентсыра" ЖШС мүлкіне салынған тыйымды алып тастады

07 Қараша 2016, 21:16
0
Сот "Шымкентсыра" ЖШС мүлкіне салынған тыйымды алып тастады -

Сот "Шымкентсыра" мүлкіне салынған тыйымды алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2016 жылдың 7 қарашасында Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әскери соты шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовке қатысты үкім шығарды. 

"Төлешовтің жылжитын және жылжымайтын мүлігіне, банк есепшоттарына, ЖШС "Шымкентсыраның" мүлігіне, оның ішінде: өндірісте қолданылатын 165 дана авто-мототранспорттық құрал, "Дархан" шыны зауыты ЖШС атына тіркелген мүліктерге, Шымкентте орналасқан базалар мен өнеркәсіп орындарына, Шымкенттегі "Қызылсай" аумағында орналасқан төрт пәтеріне салынған тыйымды алып тасталсын. "Дархан" Шыны зауытының есепшотына, "Тамерлан Трейд" шыны зауытының есепшотына салынған тыйым алып тасталсын. Сонымен қатар, "Дархан групп" ЖШС, "Тамерлан Трейд" ЖШС шыны зауытының мүлігіне салынған тыйым алып тасталсын", - делінген соттың үкімінде.

Айта кетейік, бүгін Тоқтар Төлешовке қатысты сот үкімі шықты. Сот үкімі Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әскери сотында оқылды. Ал кейінірек Төлешевтен тәркіленетін мүліктердің тізімі жария етілді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай