04 қараша 2014 20:11

Сот ісіне қатысты құжаттардың электронды мұрағаты 2015 жылы қолжетімді болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

tengrinews.kz иллюстрациясы tengrinews.kz иллюстрациясы

"Сот ісіне қатысты құжаттардың электронды мұрағаты" 2015 жылы қолжетімді болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
Бұл туралы Жоғарғы сотқа қойылған сауал барысында мәлім болды.


"Сот ісіне қатысты құжаттардың электронды мұрағаты" 2015 жылы қолжетімді болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
Бұл туралы Жоғарғы сотқа қойылған сауал барысында мәлім болды.

Аталмыш жүйе сот ісіне қатысушыларға құжаттардың электронды көшірмесін ғаламтор арқылы оқуға мүмкіндік береді.

"Сот ісіне қатысты құжаттардың электронды мұрағаты" қажетті құжаттарды мәтінмен немесе деректермен іздеуге мүмкіндік береді. Жоғарғы сот "бұл жүйе қажетті құжаттардың ұзақ мерзімге сақталуына, оларды тасымалдау шығындарын азайтуға және сот ісін жеделдетуге септігін тигізеді",- деп күтуде.

Жүйені құрастырушылар "Электронды коммерция орталығы" ЖШС. Жобаның құны - 27,97 млн теңге. Жоғары сотта мәлім болғандай, келісім бойынша ақпаратты жеткізуші тарап, техникалық қолдауды бір жылға дейін көрсетпек.

Айта кету керек, қазір аталмыш ведомство ұсынған онлайн қызмет түрін 2901 адам пайдалануда. 2014 жылдың маусым айында қолданыла бастаған бұл жүйе бойынша қазірде 25 240 талап-арыз берілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети