28 қаңтар 2015 | 13:55

Сотқа SMS арқылы шақырту бюджеттің миллиондаған теңгесін үнемдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©lenta.if.ua ©lenta.if.ua

2014 жылы сот процесіне қатысушыларға 3 миллионнан астам SMS пен электронды хабарлама жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұндай жаңа жүйе телеграммаларды қолдануды азайтып, бюджет қаржысын 128 миллион теңгеге үнемдеген. Бул туралы 28 қаңтар күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Брифингке Жоғарғы сот судьялары: Моряк Шегенов, Нұржан Қайыпжан және Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов қатысты.

Иконка комментария блок соц сети

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы республикадағы аудандық және оған теңестірілген соттарға 1 177 133 азаматтық және әкімшілік істер мен өтініштер келіп түскен. Бұл 2013 жылға қарағанда 8,6 пайызға артық. Сонымен қатар, мұндай статистикалық мәлімет медиатордың қатысуымен қаралатын азаматтық істердің 4 есеге дейін артқанын көрсетіп отыр. 

Судья Шегеновтің айтуынша, 2014 жылы соттарға келіп түскен 1,2 миллионға жуық өтініш пен іске қатысты шығарылған сот актілерінің 98,7 пайызы - заңды әрі негізді. Сонымен қатар ол өткен жылы азаматтардың судьялар қызметіне шағымдарының саны 5 пайызға азайғанын айтты.

Айта кетейік, Жоғарғы сот жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексін әзірлеп, Парламент Мәжілісіне жіберді. Кодекстің жаңа жобасы күрделі емес санаттағы істер бойынша бұйрық арқылы іс жүргізуді қолдану салаларын кеңейтуді, сондай-ақ істердің жекелеген санаттары бойынша сот ісін жүргізудің жеңілдетілген тәртібін енгізуді көздейді. Жаңа кодекс 2016 жылдан бастап қолданысқа енеді.

Еске сала кетейік, ҚР Жоғарғы сотының республика бойынша сот органдарының 2014 жылғы жұмысын сегіз өлшем бойынша бағалап, үздік өңірлік соттардың рейтингін жасағаны хабарланған болатын. Бағалау нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысының соттары алдыңғы жылғыдай көш басына шықты. Екінші орында - Солтүстік Қазақстан облысының, үшінші орында - Жамбыл облысының сот органдары. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети