23 қаңтар 2014 16:26

Сотталған кәсіпкер тергеу изоляторында асылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

youtube.com youtube.com

Алматының тергеу изоляторында сегіз жылға сотталған кәсіпкер Андрей Деркунский асылған күйінде табылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Деркунскийдің адвокаты Нұрлан Рахмановтың хабарлауынша, бұл оқиға сот бопсалау туралы іске қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырған күннің ертесіне болған. Апелляциялық соттың шешімі қаңтардың 21-і күні шықты. Қорғаушы тарап кәсіпкерді мүлікке қатысты ауыр қылмыс жасады деп айыптаған сот үкіміне шағым келтірген. Деркунский өзге кәсіпкерлерден және Kaspi Bank директорлар кеңесінің төрағасынан ақша бопсалады деп айыпталған болатын. "Андрей Деркунский 2012 жылы мамыр айының басында ақша бопсалауға жағдай жасай отырып, Kaspi Bank директорлар кеңесінің төрағасына банк ғимаратына кіреберісте белгісіз біреулер арқылы 2003-2005 жылдары Kaspi Bank-тің 754 400 қарапайым акциясын заңсыз иемденгені үшін оның үстінен сот органдарына шағымданатынын баяндаған хат беріп жіберген, сөйтіп, оның жеке басының және банктің жағдайы нашарлайтынын айтып, қорқытқан", - делінген соттың шешімінде. Хатта акциялар пакетінің тұтқындалатыны, банк капитализациясының төмендейтіні, банкті Ұлттық банк пен қаржылық бақылау комитетінің тексеретіні, депозиттердің жылыстайтыны, банк менеджерінің имиджі жоғалатыны айтылған. Деркунский 2013 жылдың 16 қазанында соттың үкімімен сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Рахманов сот үкімімен Жоғарғы сотқа дейін дауласуды жоспарлаған. Оның айтуынша, қазіргі уақытта тергеу изоляторында кәсіпкердің асылып қалуын тергеумен Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы айналысып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети