13 қазан 2014 14:47

Сотталғандарға арналған электронды білезікті Қазғарыш жасайтын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото izvestia.ru сайтынан алынды Фото izvestia.ru сайтынан алынды

Қазғарыш шартты түрде сотталғандарға арнап электронды білезік шығаратын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асановқа сілтеме жасап. 


Қазғарыш шартты түрде сотталғандарға арнап электронды білезік шығаратын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асановқа сілтеме жасап. 

"Өкінішке қарай, ІІМ бұл мәселемен айналысуға құлықты емес. Қазақстанда электронды білезік өндірісін жөнге салу жөнінде біз Үкіметке екі жылдан бері хат жазып келеміз. Бұл қазіргі іске асырылып жатқан бір инспектор жүздеген адамды бақылауға алуынан, дұрысы - шартты түрдегі бақылаудан әлдеқайда арзан әрі тиімді болады. Ақыры біз мұны 8 қазан күні ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің деңгейінде талқыладық. Осы ретте "Қазғарыш" осы мәселені зерттеумен айналысып, электронды білезіктер өндірісін іске асыру тұрғысында шешім қабылданды", - деді Асанов Қылмыстық-атқару кодексі және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстердің жаңа моделіне көшу мәселелері тақырыбына арналған семинар-кеңесте.

Ол Бас прокуратураның есебі бойынша елімізге 77 мың білезік қажет екендігін жеткізді. "Ішкі істер министрлігінің шетелдік білезіктерді сатып алуға жұмсайтын 2,5 миллиард теңгесі ештемені шешпейді. Қайта бағдарламалық қамтамасыз ету шетелдік болса, менің ойымша, керісінше, бұдан қандай зиян көреміз? Бізде уақыт жеткілікті болды. Электронды білезіктерді енгізу керектігі туралы заң екі-үш жыл бұрын қабылданып қойған. Содан бері өкінішке орай, өте баяу жылжып келеміз, бірақ ақырында біз бұл мәселені шешу кезеңіне келдік", - деді ол. 

Еске сала кетейік, өткен жылы Асанов абақтыдағы сотталғандар үшін электронды білезік шығаруды жолға қоюды ұсынған болатын. "Жақында прокуратура Исекешев мырзаға (ол кезде ол Үкімет басшысының
орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі болатын - авт.) мемлекеттік бағдарлама шеңберінде колониялардың бірінің базасында білезік шығару өндірісін жолға қою жөнінде ұсыныс жасады. Жақын уақытта Индустрия министрлігі бұл тақырыпқа байланысты жиналыс өткізетін шығар деп ойлап отырмыз", - деп еді ол 2013 жылдың аяғында "Түрмедегілердің санын азайтудың 10 шарасы" атты жобаның концепциясын таныстыру барысында

Жақында ғана ҚР Парламенті Сенатының өкілдері сотталғандарға арналған электронды білезіктердің сенімділігіне күмән келтірген еді. "Үкімет шартты түрде сотталғандарды бақылауға арналған бұл білезіктерді сатып алуға көп қаражат бөліп отыр, бір сұрақ ойлантады: олар техникалық жағынан қаншалықты сенімді, бұл білезіктердің беріктігі қандай? Кеше ғана мен БАҚ-тан темір тордың ар жағында отырған адамның Қазақстан бойынша емін-еркін ұшып, сапар шегіп жүргені туралы оқыдым. Соған байланысты менің сауалым: білезіктер берік пе? Бізде ондай нәрселерді жасап алудың шеберлері көп қой. Ол білезік сотталған адамды пәлен жерде деп көрсетуі мүмкін, бірақ шын мәнінде оның сол кезде басқа бір аймақта қылмыс жасап жүруі мүмкін ғой", - деді депутат Бектас Бекназаров Парламент Сенатындағы ҚР қылмыстық-атқару жүйесінің жай-күйі, мәселелері мен оны жетілдіруге арналған дөңгелек үстел барысында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети