16 қыркүйек 2014 13:31

Сотталғандарға электронды білезік алуға 2,5 млрд теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Электронды білезік. ©REUTERS/Michael Buholzer Электронды білезік. ©REUTERS/Michael Buholzer

Қазақстанда сотталғандарға арналған электронды білезік үшін 2,5 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер вице-министрі Ерлік Кененбаевқа сілтеме жасап.


Қазақстанда сотталғандарға арналған электронды білезік үшін 2,5 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер вице-министрі Ерлік Кененбаевқа сілтеме жасап.

"Қазір жаңа Қылмыстық-атқару кодексіне сай, шартты түрде сотталған және шартты түрде немесе мерзімінен бұрын босатылып, әкімшілік бақылау орнатылған адамдар үшін қадағалаудың электронды құралдарын енгізіп жатырмыз. Инвестициялар және даму министрлігіне қажетті құжаттар жиынтығы әзірленді. Бүгінде республикалық бюджет комиссиясы бұл мақсатқа 2,5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлуді мақұлдады", - деді Кененбаев қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару кодекстері мен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің жаңа модельдеріне көшу мәселелеріне арналған семинар-кеңесте. 

Бұған қоса, ол келер жылы қылмыстық істер жөніндегі ақпараттық құжаттарды есепке алуды электронды форматқа көшіру жоспарланып отырғанын айтты. Ішкі істер министрлігі ішкі қаражаттарын үнемдеу есебінен өз қызметкерлеріне 6000 компьютер сатып алып, жаңа бағдарламаны енгізуді жеңілдеткелі отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети