14 қазан 2016 14:45

Сотталушылар тек шындықты айтты - Екінші тараптың пікірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Виталий Шерстенев пен Андрей Тихоненконың адвокаттары қорғалушыларының 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қандай қатысы болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Виталий Шерстенев пен Андрей Тихоненконың адвокаттары қорғалушыларының 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қандай қатысы болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушылардың адвокаттары жас жігіттердің қылмыс болған жерге қандай жағдаймен келгенін айтты.

"Тихоненко мен Шерстенев достар емес. Олар биыл қаңтар айының соңында танысқан. Сот пен тергеу мәліметінше, олар күзетші болып жұмысқа тұрған. Бір-бірімен таныс болмаған. Мейірбаевты да, Әубәкіровті де білмеген, оларды ештеңе байланыстырмаған. Олар дос болған емес. Менің қорғалушым жұмыс іздеп жүрді. Әжімбай болса, жұмыс беруші ретінде ұйымға адамдарды жұмысқа алып жатқанын хабарлаған. Сотталушылар осылайша танысқан", - деді Виталий Шерстеневтың адвокаты Лариса Байбуза.

Оның айтуынша, сотталушыларды коттеджде болатын іскерлік кездесуге күзетші ретінде шақырған. Мұны Нұрбек Әжімбай ұйымдастырды. Кездесуге Аян Мейірбаев пен Ерасыл Әубакіров те шақырылған. Кейіннен сол коттеджде 23 жастағы студенттің өлтірілгені хабарланды.

"Мұнда жасалған әрекеттердің барлығы Мейірбаев Есен Әбілтайұлын (Аян Мейірбаевтың әкесі) бопсалау мақсатында болған. Яғни, түпкі мақсаттары осы. Sms-хабарламаларда олардың "Еуразия" сауда үйінің 15 пайызын иеленбекші болғаны нақты көрсетілген. Әжімбайдың мұндағы басты мақсаты - сол саудадан 15 пайызын, яғни 135 миллион теңгені алу", - деді Аян Мейірбаевтың әкесінің адвокаты Ерлан Бекполов.

"Меніңше, Әубәкіровті бір мезетте-ақ өлтіре салған. Өлтірген адам Ерасылды өлтірейін деп ойламаған да. Бұл менің жеке ойым", - деді Виталий Шерстеневтің адвокаты Лариса Байбуза.

Осыған дейін Ерасыл Әубәкіровтің денесін қала сыртына апарғандар іздестіріліп жатқаны хабарланған еді. "Олардың кім екендері анықталмады, қазіргі уақытта оларды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді адвокат Бекполов.

Айта кетейік,  Аян Мейірбаевтың адвокаты Желіде тарап кеткен атышулы видеоны түсіндірген болатын. "Әрине, осы видеоға байланысты жұртшылық алаңдады. Аян Мейірбаев адам өлтірді деген пікірлер көп болды. Менің айтқым келетіні, Мейірбаевтың бұл қылмысқа ешқандай да қатысы жоқ. Бұл соталды тергеу барысында анықталды. Ол жәбірленуші болып танылды және жәбірленуші ретінде жауап берді", - деді адвокат Аян Мейірбаевтың үш ай бойы қамауда болғанын атап өтіп. 

Бір ай бұрын, 7 қыркүйекте Астанада атышулы іске қатысты сот басталған болатын. 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген күдікпен сот алдына үш адам келді: Нұрбек Әжімбай, Виталий Шерстенев және Андрей Тихоненко. Оларға "Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету", "Адамды бостандығынан заңсыз айыру", "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері", "Адам өлтіру" және "Бопсалау" баптары бойынша айып тағылды.

Ал 12 қазанда осы атышулы іс бойынша үкім шығарылды. Оған сәйкес, Нұрбек Әжімбай мүлкі тәркілене отырып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Андрей Тихоненко 16 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Виталий Шерстнев 11 жылға сотталды. Cондай-ақ, сотта Аян Мейірбаевтың кінәлі емес екенінің дәлелі келтірілді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі үкім оқылғаннан кейін айтып берді. 

Айта кетейік, бұл істе бастапқыда Аян Мейірбаев күдікті болған еді. Оған қатысты қудалау қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты тоқтатылған еді. Ол тергеу изоляторынан босап шықты.  

Еске салайық, биыл ақпанда Астанада медициналық университеттің алтыншы курсында оқитын Ерасыл Әубәкіров жоғалып кеткен болатын. Ол Сарыарқа - Сейфуллин қиылысындағы үйінен сол жағалауға қарай шығып кетіп, табылмаған еді. Кейін, 10 ақпанда оның мәйіті зорлық белгілерімен табылған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети