12 мамыр 2019 16:11

Степногорск қаласын өртенген қоқыстың түтіні "басып" қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Степногорск тұрғындары қоқыс полигонындағы жағдайға қатысты наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың айтуынша, полигондағы өртке байланысты "қала қоқыстың тұзағында қалған". 


Степногорск тұрғындары қоқыс полигонындағы жағдайға қатысты наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың айтуынша, полигондағы өртке байланысты "қала қоқыстың тұзағында қалған". 

"Екі апта бойы қала түншығып жатыр. Көру мүмкіндігі 10-15 метр. Иісіде нашар", - деп жазды Tengrinews.kz оқырманы WhatsApp-нөмірге +7 777 001 44 99.

Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметовтің айтуынша, өрт күшті желмен және аптап ыстықтың салдарынан еселенген. Ашық от сөндірілді. Өртті оқшаулаумен "Құрылыс МТК" ЖШС айналысады, оның басқаруында полигон бар.

"Мамандандырылған техниканың болмауы (жөндеуде тұрған), сондай-ақ ҚТҚ-ның істен шығуы қиындық туғызады. Біз қаланың ұйымдары мен мекемелерінен қажетті қосымша арнайы техниканы тарттық. "Құрылыс МТК" арнайы техниканың екі бірлігі - фронтальды тиегіш және жалға алынған бульдозер инертті материалдармен көмуді бастады. Бұл өрт тағы 3-4 күнге созылады", - деді әкім.


видеодан үзінді


© vk.com "Воспитан в Степногорске" 

Қала басшысы компанияның жұмыс орынын бұзу дерегі бойынша әкімшілікте прокуратураға және құқық қорғау органдарына шағымданғанын айтты. "Мен өзім де осы қаланың тұрғынымын, тыныс алу шын мәнінде қиын болды. Тағы 2-3 күн өрт толығымен сөндіріледі", - деді Баяхметов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети