21 сәуір 2014 20:42

Су ресурстары жөніндегі комитетке жаңа басшы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ислам Әбішев. ©Yk.kz Ислам Әбішев. ©Yk.kz

Қазақстанда Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің жаңа басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің жаңа басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың 2014 жылдың 21 сәуіріндегі бұйрығымен ҚР ҚОСРМ Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы болып Әбішев Ислам Алмаханұлы тағайындалды", - делінген таратылған хабарламада. Бұрын комитетті төрағаның міндетін атқарушы Болат Бекнияз басқарды.

Ислам Әбішев 1956 жылдың 12 мамырында Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының Шыназ ауданындағы Құтша ауылында туған. Ұлты - қазақ. 1978 жылы Қазақ политехникалық институтын "инженер-электрик" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Өскемен қаласының әкімі және Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы (2012) қызметтерін атқарды.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың 31 қазанында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігін Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі етіп қайта құру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Су қолданушыларға су беру немесе суды жерді гидромелиорациялау мақсатында біріктіру және бұру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер Ауыл шаруашылығы министрлігінен алынып, жаңа ведомствоға берілді. Қайта құрылған министрлікке, сондай-ақ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құзырында болған жерасты суларын мақсатты және кешенді түрде қолдану қызметі мен өкілеттігі де берілді.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети