28 сәуір 2017 19:16

Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы берілмейді - аудан әкімі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы билігі Наурызбай ауданында су басудан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлемейді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімі Сайран Сайфеденов мәлімдеді. 


Алматы билігі Наурызбай ауданында су басудан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлемейді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімі Сайран Сайфеденов мәлімдеді. 

"Бізде ТЖ жарияланған жоқ қой. Бұл қарапайым су басу. (...) Бұл жаңбыр ғой. Бір кеште бір айлық норма түскен. (...) Өтемақы мәселесі қарастырылмайды. Егер мүлкі сақтандырылған болса, сақтандыру компаниясына бару керек. Әкімдік шығынның орнын толтырмайды", - деді Сайран Сайфеденов. 

Қазіргі уақытта Достық және Шұғыла ықшамаудандарында, сондай-ақ Назарбаев интелектуалдық мектебінің айналасында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сайран Сайфеденовтың мәліметінше, республикалық гвардияның солдаттары мен шекарашылар жұмылдырылған. Барлығы 156 адам. 

"Жауын-шашын көп түсті. Қазіргі уақытта біз тазалау жұмыстарына толыққанды ат салысып жатырмыз: аулаларды тазартып, су сору жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бесес су сору құрылғысын алып келді. 11 үйдің жертөлесін су басқан. Кеше түнде екі үйдің суын сорды. Біздер су басудан кейінгі залалдың көзін жою мақсатында барлық шараларды жасап жатырмыз", - деді әкім.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети