Алматыда Сүйінбай даңғылындағы жолайрықта қабырғаға соғысқан №92 бағыттағы автобус жүргізушісінің үш бармағы кесіп алынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Green Bus ЖШС директоры Бауыржан Күлішев хабарлады. Айта кетейік, Алматыда 3 тамызда автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды.

Green Bus ЖШС директоры Бауыржан Күлішевтің айтуынша, жол апатынан 11 адам зардап шеккен. Барлығы ауруханаға жеткізіліпті. Автобус паркіне бұл оқиға жайлы басқа автобустың жүргізушісі хабарлапты. Қазіргі уақытта полицейлер мен автобус паркінің қызметкерлері болған оқиғаның себебін анықтап жатыр. "Қазір жағдайды анықтап жатырмыз. Жүргізуші не ұйықтап кеткенін, не талып қалған болуы мүмкін. Дұрыстап түсіндіріп те бере алмады. Оны жедел жәрдем алып кетті. Біз ол жаққа өз қызметкерлерімізді жібердік, мәселемен солар айналысып жатыр", - деді ол.
Ал СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі оқиға орнына барып, жолаушылар автобусының Сүйінбай даңғылымен оңтүстікке қарай жүріп бара жатқанда жол-көлік оқиғасын жасағанын анықтады. Қоғамдық көліктің жүргізушісінің алдын туннельге кірген кезде басқа бір көлік кесіп өтіп, содан жүргізуші қабырғаға соғысып қалған.