05 қаңтар 2022 10:06

Сұйытылған газды электрон сауда алаңдары мен биржалар арқылы өткізу бір жылға шегеріледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сұйытылған газды электрон сауда алаңдары мен биржалар арқылы өткізуді бір жылға шегеруді бұйырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сұйытылған газды электрон сауда алаңдары мен биржалар арқылы өткізуді бір жылға шегеруді бұйырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Үкіметке сұйытылған газды электрон сауда алаңдары мен биржалар арқылы өткізуге толық көшуді бір жылға шегеруді тапсырамын. Осы кезеңде нормативтік-құқықтық базаны мұқият әзірлеп, сауда алаңдары жұмысының ашық болуын қамтамасыз ету, бағаның күрт өсуін шектеу тетіктерін енгізу қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сұйытылған газ бағасына 180 күнтізбелік күн мерзімге бағаны уақытша реттеуді енгізуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде халық үшін шекті баға былтырғы баға деңгейінен аспауы керек екенін айтты.

Реклама
Реклама

Президент былтыр маусымда, Маңғыстау облысындағы "Қазақ газ өңдеу зауыты" базасында сұйытылған газ өндіретін жаңа зауыт салу жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысын сынға алды.

"Қазіргі уақытта жобаның тек техникалық-экономикалық негіздемесі ғана дайындалған. Оны қаржыландыру мәселесі шешілмеген. Екіншіден, сұйытылған газды тарату және саудаға шығарудың қазіргі тәртібі пысықталмаған. Электронды сауда барысында бағаның өсуін шектеу тетіктері қарастырылмаған. Нәтижесінде, Энергетика министрлігі электрондық сауда бойынша жедел әрекет етіп, оны ауыздықтай алмаған", – деді Президент.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев аталған саланы реформалауға қатысты жүйелі әдістің жоқ екенін атап өтті.

"Ешкім өзін үнемі шығынға ұшырата бермейтінін түсіну маңызды. Еліміз газ және газ өңдеу салаларында инвестициясыз, тіпті газсыз қалуы да мүмкін. Сондықтан жүйелі, бірақ ойластырылған және кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын реформалардан басқа жол жоқ. Алдағы уақытта газ саласын сапалы түрде қайта қарап, ішкі нарықты тауарлық газбен толыққанды қамтамасыз ету керек", – деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram