03 ақпан 2015 18:57

Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілуі мүмкін - "Қазгидромет"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сырдария өзені. ©Тengrinews.kz Сырдария өзені. ©Тengrinews.kz

Алдағы тәуліктерде Сырдария өзенінде су деңгейі көтеріліп, тасқын болу қаупі бар, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингіне сілтеме жасап.


Алдағы тәуліктерде Сырдария өзенінде су деңгейі көтеріліп, тасқын болу қаупі бар, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингіне сілтеме жасап.

"Алдағы тәуліктерде Сырдария өзенінің Төменарық гидрологиялық тұрағы ауданында тасқын болу және су деңгейінің көтерілу ықтималдығы сақталады. Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Республиканың қалған су нысандарындағы гидрологиялық режимде елеулі өзгеріс болмайды", - делінген "Қазгидрометтің" мәліметінде. 

Гидрометеорологтердің мәліметінше, 3 ақпан күні Сырдария өзенінің Төменарық гидрологиялық тұрағынан төмен тұсында мұздардың жиналуы, су деңгейінің көтерілуі байқалған. Республиканың оңтүстік-шығыс аудандарындағы басқа да өзендерде (Іле, Текес, Баянкөл, Қаратал, Тентек, Красноярка) мұздардың шоғырлануы есебінен су деңгейі ауытқыған.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Сырдария өзенінде сең жүре бастағаны хабарланған еді. Төтенше жағдайлар саласының мамандары дария жағасындағы елді мекендерді аралап, сақтық шараларын күшейтті. Сырдариядағы сең, әсіресе, саяжайларды қыстап қалған тұрғындарға қауіп төндіріп тұр. Облыс бойынша тасқын қауіп төндіріп тұрған учаскелердің саны 56 деп белгіленген. Өткен жылдың соңғы күндері Сыр арнасынан асып кетіп, облыстың Шиелі ауданындағы Ботабай ауылын топан су басқан еді. Тұрғындар дер кезінде көшіп кеткендіктен, зардап шеккендер болмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети