Сырдарияның сол жағалауына жаңа қала тұрғызылады

09 Тамыз 2014, 15:04
0
Сырдарияның сол жағалауына жаңа қала тұрғызылады - Қызылорда қаласы. ©syrboyi.kz
Қызылорда қаласы. ©syrboyi.kz
Сырдарияның сол жағалауына жаңа қала тұрғызылады - Қырымбек Көшербаев. ©Даниал Оқасов
Қырымбек Көшербаев. ©Даниал Оқасов

Сырдарияның сол жағалауында жаңа қала тұрғызылады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жергілікті құрылысшылармен кездесуі кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қырымбек Көшербаев құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, қызметте көзге түскендерді марапаттады. "Құрылыс саласы қарқынды дамыған аймақта жалпы экономиканың барлық салаларындағы тірліктің де өркен жаяры анық. Сондықтан, құрылысты экономиканың локомотиві деп атау – заңдылық. Аймағымызда құрылыс қарқынды жүруде. Сырдария өзенінің сол жағалауында жаңа қаланың бой көтеретін күні де алыс емес. Сыр өңірінің ежелгі сақтардың, оғыздардың, қыпшақтардың астанасы болғандығы сол жағалауда салынатын ғимараттарда көрініс беретін болады. Әлбетте, осыншама ауқымды істер, құрметті құрылысшылар, Сіздердің кәсіби біліктеріңіз бен адал еңбектеріңіздің арқасында ғана жүзеге асады", - деді ол.

Құрылыс саласының үздік мамандары облыс әкімінің құрмет грамоталарымен, алғысхаттарымен, ҚР Өңірлік даму министрлігінің, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің алғысхаттарымен, "ҚР Құрметті құрылысшысы" белгілерімен марапатталды.

"Биыл өңірде барлығы 88 объектіде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Оның 65-і осы жылы пайдаланылуға беріледі. Білім беру саласында 40 нысан салынып жатыр. Жыл ішінде 32-сі іске қосылады. Олардың 12-і республикалық, 20-сы облыстық бюджет есебінен қаржыландырылған. Денсаулық сақтау саласы бойынша 21, "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасы аясында 7 нысанның құрылысы салынуда. Бұған қоса, спорт және туризм, халыққа қызмет көрсету орталығы және мұрағат ғимараттары бой көтеріп жатыр. Жыл басынан "Қолжетімді тұрғын үй -2020" бағдарламасы аясында 5210 шаршы метрді құрайтын 86 пәтер пайдаланылуға берілді. Жалпы биыл 837 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады", - делінген сайтта.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай