18 наурыз 2014 15:58

Сыртқы істер министрлігінің қате құттықтауы түзетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотосурет әлеуметтік желілерден алынды Фотосурет әлеуметтік желілерден алынды

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимаратындағы Наурыз мейрамына арналған қате құттықтау өзгертілді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана қаласының тұрғындары қатесі бар мерекелік құттықтауды бірден байқап, фотосуретін әлеуметтік желілерде жариялаған болатын. Жазбаның мәтіні: "Наурыз мейрамыңіз..." ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мұндай қате жазудың болғанын, бірақ оның дер кезінде түзетілгенін хабарлады. "Бұл құттықтау жазбасы болатын. Жазу екі тілде жасалды, оны орналастыру кезінде қазақ тіліндегі нұсқасында қате болды, бірақ оны дер кезінде түзеттік. 10-15 минуттың ішінде", - дейді Айтмаханов. Еске салайық, өткен жылдың күзінде Сыртқы істер ведомствосы сайтында Мальта мемлекетінің туы мен Мальта ордені мемлекет тәрізді құрылымының тулары шатастырып орналастырылған болатын. Қолданушылардың ескертуінен кейін қате түзетілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети