20 ақпан 2014 17:56

Сыйақы үшін 1000 адам "кінәсін мойындауға" дайын болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

100 млн теңгені алу үшін жалған SMS-тер жөніндегі кінәні 1000-нан астам адам өз мойнына алмақ болған деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай соманы Kaspi bank басшылығы жалған хабар таратушы жайлы мәлімет айтқан адамға сыйақы ретінде беретінін мәлімдеген еді. Содан бері банкке қоңырау шалушыларда есеп болмаған. "Бізде ақпараттың шынайылығын тексеретін мамандар тобы құрылды. 1000-нан астам адам хабарласты. Көбі қоңырау шалып, "Мен мойындағым келеді, оны істеген мен едім" деп жатты. Сонымен бірге, "Мен ақпаратты білемін, бірақ маған кепілдік қажет" деген мазмұндағы қоңыраулар да келіп түсті", - дейді банктің директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким. Банк өкілінің айтуынша, қымбат гаджеті бар көршілерінен күдіктеніп, оларды "ұстап бермек" болғандар да кездескен. "Мен интернеттен оқыдым, кейбіреулер тіпті, егер жолдасын "ұстап берсе", сыйақыны екеуі 50 млн-нан бөліп алатынын жазды. Жағдай осындай сандырақтарға дейін барды", - дейді Ким. Kaspi bank өкілдері Бас прокуратура кінәлі тұлғаларды анықтағанына қарамастан, жарияланған сыйақы жайлы мәлімдеменің өз күшінде қалатынын айтты. 100 млн теңге құқық қорғау қызметкерлеріне берілмейді, ол тергеу үшін құнды ақпарат берген адамға ғана төленбек. Еске сала кетейік, теңге бағамына түзету енгізілгелі бері WhatsApp пен басқа желілерде қазақстандық үш банктің банкрот болатыны туралы хабар тараған еді. Ақпараттық шабуылдан банктерде дүрлігу туып, депозиттер босап қалды. Соңғы мәлімет бойынша, SMS-террористердің арасында банктер мен Алматыдағы заңгерлік фирмалардың бірінің қызметкерлері бары анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети