Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тағы да қар аралас жаңбыр жауады 21 сәуір 2014, 15:45

22-23 сәуір күндері еліміздің батысында ғана күн ашық болады.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

 ©Тheguardian.com ©Тheguardian.com

22-24 сәуір күндері Қазақстанның көп бөлігінде соңы қарға ұласатын жаңбыр жауып, артынан күн жылиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағында атмосфералық процестердің әлі де тез алмасуы жалғасады. "Сәуірдің 22-23 күндері және 23-і күні түнде республикамыздың солтүстігінде, орталығы мен шығысында жауын-шашын күтілуде, кей жерлерде қарлы жаңбырға ұласады. Оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады, 23 сәуірде түнде жаңбырдың арты қарға айналуы ықтимал. Ал осы аумақтарда 24 сәуірде күн ашылып, ауа 13-25º-қа дейін жылынады. Ал оңтүстікте термометр көрсеткіші кей жерлерде 27-32º жылыны көрсетеді", - дейді метеорологтер.

22-23 сәуір күндері еліміздің батысында күн ашық болады. Ауа температурасы 23-30 градусқа дейін көтеріледі. 24 сәуірде өткінші жаңбыр жауып, күндізгі температура нөлден 15-22 градусқа жоғары болады.

Бұған дейін метеорологтер мамыр айында Қазақстанда күн жылы, бірақ жаңбырлы болатынын хабарлаған еді. Алдағы айда ауаның орташа температурасы республиканың барлық аумағында нормадан 1-2 градусқа жоғары болады.

 

 


Join Telegram