02 наурыз 2015 11:04

Таиланд Қазақстанға туристер ағынын ұлғайтуды көздеп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©world-countries.net ©world-countries.net

Таиланд Қазақстанға келетін туристерінің санын көбейтуді көздеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан 25 ақпан - 1 наурыз аралығында Таиландта өткен 16-шы халықаралық туристік жәрмеңке-көрмесіне қатысты.


Таиланд Қазақстанға келетін туристерінің санын көбейтуді көздеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан 25 ақпан - 1 наурыз аралығында Таиландта өткен 16-шы халықаралық туристік жәрмеңке-көрмесіне қатысты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, көрмеге 800 мыңнан аса адам қатысқан. Бұл көрме Таиландтағы ірі туристік іс-шаралардың бірі болып есептеледі. Көрмеге ұлттық және аймақтық туристік компаниялар, беделді қонақүйлер, әуе агенттіктері мен баспасөз өкілдері қатысты. 

"Қазақстандық павильонмен танысу барысында Қазақстанның Таиландтағы елшісі Марат Есенбаевтың Таиланд Туризм және спорт министрі Кобкарн Суриясат Ваттанаврангкулмен кездесуі болды. Тай министрі Алматы - Бангкок бағдарына қосымша жаңа Астана -Бангкок бағытының ашылуы және осыған байланысты Таиландқа келетін қазақстандық туристер санының артуын қолдады. 2014 жылы Таиландқа 70 мыңнан аса қазақстандық барған", - делінген хабарламада.

Таиланд министрінің сөзіне қарағанда, тай азаматтары Қазақстанды тартымды бағыт деп есептейді, сондықтан Таиланд туризм саласындағы Қазақстан-Таиланд ынтымақтастығының әрі қарай дамуына мүдделі.

Министрдің айтуынша, Таиланд үшін визалық режимнің жеңілдетілуі Қазақстанға тай туристері ағымының өсуіне мүмкіндік береді. Министр мысал ретінде Таиландтың Жапония, Ресей, Түркия, Сингапур, Бахрейн, Брунеймен қолданыстағы визасыз режимін келтіріп, визалық талаптар жеңілдетілгеннен кейін тай туристерінің аталған елдерге сапары 5-6 есеге өскенін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети