21 желтоқсан 2016 11:45

Таиландта қазақстандық туристер мінген автобус аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© TOPNews © TOPNews

Таиландта жол көлік оқиғасы кезінде 2 қазақстандық зардап шекті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Сураттхани аймағында болған. 


Таиландта жол көлік оқиғасы кезінде 2 қазақстандық зардап шекті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Сураттхани аймағында болған. 

"Туристер мінген автобус аударылды, олардың қатарында еліміздің азаматтары да бар. Екеуінің де жарақаты ауыр емес - біреуіне оқиға орнында медициналық көмек жасалды, екіншісі ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көмек көрсетілді. Одан кейін ол ауруханадан шығарылды. Болған жайт туралы Таиландтың құқық қорғау органдары біздің елшілікке хабарлаған. Дипломаттар қыздармен байланысқа шықты. Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық, олар демалысын жалғастыра бермек", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қыздарымыздың Таиландқа Қытайдан кіргені белгілі болды. 28 желтоқсанда олар Қазақстанға оралады. Оқиғаның өзге жайлары белгісіз. 

Еске салайық, бірнеше күн бұрын Тайландта қазақстандық азаматтың көз жұмғаны белгілі болған. Ер адам Пхукеттегі қонақүйдің терезесінен құлап кеткен. Полиция мұны қайғылы оқиға деп атады. Қазақстандықтың денесін елге бейсенбі күні жеткізеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети