05 қаңтар 2019 17:51

Таиландта зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ - CІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Twitter / @blu _ ya Фото Twitter / @blu _ ya

Таиландтағы дауыл бәсеңдеп жатыр. Зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ, бірақ оларға демалып жатқан жерден алыс аумаққа бармауға кеңес беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

"Дауыл 4 қаңтардан 5 қаңтарға қараған түні болды. Краби провинциясы, Пхукет аралы мен Андаман теңізінің солтүстік-батыс жағында болды. Таиландтағы курорттық аумақтарда демалып жатқан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Отандастарымыздан шағым түскен жоқ. Біздің дипломаттар жағдайды бақылап жатыр, барлығы қатаң бақылауда", - деп хабарлады Смадияров.

Таиланд билігіндегілердің мәліметінше, әлі бірнеше күн бойы жауын-шашынды ауа райы сақталады. Кейбір аудандар су астында қалып қойған екен.

Таиландта жойқын дауылдан бір адам қаза тапты: Төтенше жағдайдың суреттері мен видеолары

"Қазақстан азаматтарынан қауіпсіздік шараларын сақтап, суда абай болып, курорттық аумақтарынан алыс жерлерге бармауға кеңес береміз", - деді СІМ өкілі.

Айтуынша, олар Таиландтағы қазақстандықтармен байланыста және барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети