08 шілде 2015 12:19

Тажаяқов пен Қадырбаев АҚШ-тан қай кезде экстрадициялануы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаев. © facebook.com Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаев. © facebook.com

Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаевты АҚШ-тан экстрадициялау сотталған адамдарды беру туралы екі ел арасындағы конвенция қабылданғаннан кейін мүмкін болады. Бұл туралы Парламент Мәжілісі отырысының кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаевты АҚШ-тан экстрадициялау сотталған адамдарды беру туралы екі ел арасындағы конвенция қабылданғаннан кейін мүмкін болады. Бұл туралы Парламент Мәжілісі отырысының кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот ісі  саласында бізде үш конвенция бар. Біз бүгін бірінші конвенцияны ұсындық. Ол құқықтық көмек көрсету жайында. Бірақ тағы екеуі бар, олар сотталғандар мен қылмыскерлерді беру туралы. Келесі сессияның басында, қыркүйекте егер парламент қабылдап, президент бекітіп қол қойса сотталғандарды беру туралы конвенцияны жариялаймыз деп ойлаймын. Сол кезде ғана оларды (Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаевты - Авт.) қайтарып, олардың жазаларын Қазақстанда өтеулеріне заңды мүмкіндіктері пайда болады", - деді Асанов, қазақстандық студенттердің АҚШ-тан Қазақстанға оралып, жазаларын өз Отандарында қорғауға мүмкіндіктері бола ма деген сұраққа жауап беріп.

Ол сонымен қатар, оны жүзеге асыру үшін сотталғандар мен Америка тарапының келісімі керегін тағы бір мәрте еске салды.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс "Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады. Ол конвенцияға 26 америкалық ел кіреді.

Еске сала кетейік, АҚШ-та Қазақстанның екі азаматы, студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқов жазаларын өтеп жатыр. Оларға 2013 жылы мамыр айында Бостанда болған жарылысқа қатысты істі тергеуге қасақана кедергі келтірді деген айып тағылған болатын.

Бұған дейін Қазақстанның СІМ өкілі қазақстандық студенттерді Қазақстанға экстрадициялау үшін Қазақстан мен АҚШ арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімшартқа қолдың қойылуы керегін немесе Қазақстанның сотталғандарды беру туралы америкалық конвенцияға кіруі керегін айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети