09 маусым 2015 11:00

Тәжаяқов пен Қадырбаевтың адвокаттары 4 түрме бойынша ұсынысты қарағысы келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевтың адвокаттары сотталғандардың жаза өтеу орны болуы мүмкін америкалық төрт түрме бойынша ұсыныстарды қарауға ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады. Еске салайық, Азамат Тәжаяқов 3,5 жылға, ал Диас Қадырбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

СІМ өкілдерінің айтуынша, Тәжаяқов тергеу кезінде және сот процесі кезінде жаза мерзімінің көп бөлігін өтеп қойды. Сонымен қатар, үлгілі тәртібі үшін жаза мерзімінің 15 пайызы тағы қысқаруы мүмкін. Бастапқыда қаржылай жаза 250 мың доллардан 50 мың долларға, кейін 200 долларға азайып, оны Азамат Тәжаяқовтың туыстары төлеген. "Қадырбаевтың да жазаны қайда өтейтіні белгісіз. Тәжаяқовтың адвокаттары Қадырбаевтың адвокаттарының америкалық төрт түрменің ұсынысын қарау туралы петициясына қосылды", - деді Әбибуллаев. Оның айтуынша, Қазақстан Елшілігінің өкілі психологиялық және физикалық жағдайларын білу үшін студенттерге барып қайтты. СІМ өкілі АҚШ пен Қазақстанның арасында сотталушы тұлғаларды беру туралы келісім-құқықтық базаның жоқтығы ескертті. 

Осыған дейін ол Диас Қадырбаевқа қатысты кесілген жазаға байланысты пікір білдірген болатын. Әбибуллаевтың айтуынша, бостандыққа бекітілген мерзімнен бұрын шығу мүмкіндігі бар. 72 ай жаза мерзімінің 26 айын ол отырып шықты. Сонымен қатар, үлгілі тәртібі үшін жаза мерзімі 15 пайызға қысқаруы мүмкін. 

Еске салайық, қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов америкалық соттың алдына 2013 жылдың сәуір айында болған Бостондағы лаңкестікке кедергі келтірді деген айыппен келген болатын. Азамат Тәжаяқов 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған. 2 маусымда Диас Қадырбаев америкалық сот төрелігіне кедергі келтіргені үшін алты жылға сотталған еді. Сотта ол өз танысы Царнаевты танығаннан кейін полицияға телефон соқпағанын мойындады. Сонымен қатар, Диас Қадырбаев Царнаевтың жатақханадағы бөлмесінен заттарды жинағанын, осылайша тергеуге кедергі келтіргенін мойындады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети