20 қараша 2019 13:05

Тәжікстанның 43 азаматы мінген автобус Павлодар облысында жолда тұрып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 8plus1.ru © 8plus1.ru

Павлодар облысында бұзылған автобустың жолаушылары Бозшакөл ауылының жылыту пунктіне эвакуацияланды, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтар".


Павлодар облысында бұзылған автобустың жолаушылары Бозшакөл ауылының жылыту пунктіне эвакуацияланды, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтар".

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы ТЖ департаментінің басшысы Ернұр Өтегенов 20 қараша күні сағат 05:30-да Екібастұз маңындағы Бозшакөл ауылынан 6 шақырым жерде техникалық ақау салдарынан автобустың бұзылғанын хабарлады. Новокузнецк-Шымкент бағытындағы Setra маркалы жолаушылар автобусында 45 адам болған. Оның 43-і Тәжікстанның азаматтары.

"Автобус Павлодар-Қызылорда тас жолының 200 шақырымында бұзылды. Департаментіміздің қызметкерлерінің көмегімен жолаушылар Бозшакөл ауылының жылыту пунктіне эвакуацияланды. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес", - деді Ернұр Өтегенов. 

Соынмен қатар, 20 қарашада сағат 04:20-да Павлодар облысының Ақсу қаласына жақын жердегі Павлодар-Қызылорда автожолының 35 шақырымында техникалық ақаулар салдарынан Қарағанды-Омбы бағытындағы Neoplan автобусы бұзылған.

Ернұр Өтегеновтің айтуынша, автобуста 12 адам болған. Оның төртеуі - Ресей азаматтары.

"11 жолаушы Ленин кентінің "Сытый Спутник" жол бойындағы дәмханасына жеткізілді, - деді департамент басшысы. - Жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады. Полиция департаментінің тексерісі нәтижесінде автобуста отын жүйесіндегі ақаулықтар анықталған. Ертіс өңірінің тас жолдары бойында барлығы 208 жылыту пункті жұмыс істейді.

Еске салайық, Павлодар облысында аяз бен желдің күшеюі салдарынан дабылды ескерту жарияланды. Құтқарушылар алыс сапарларға шықпауға кеңес береді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети