Шымкенттің қақ ортасында тапа-тал түсте мылтық атылып, жұрттың зәресін ұшырды. Балалардың көзінше иттерді жайратып салған ветеринарлық қызмет мамандарының жұмысына халықтың көңілі толмайды. Ал жауаптылар иттерді түскен өтініштер негізінде атамыз деп ақталған. Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлап отыр.
Шымкенттің қақ ортасында тапа-тал түсте мылтық атылып, жұрттың зәресін ұшырды. Балалардың көзінше иттерді жайратып салған ветеринарлық қызмет мамандарының жұмысына халықтың көңілі толмайды. Ал жауаптылар иттерді түскен өтініштер негізінде атамыз деп ақталған. Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлап отыр.
Қалалық Елена Васильченко сөзінше, ветеринарлық қызметтің мамандары қаңғыған иттерді көшедегі балалардың көзінше жайратып салған. Аяғы ауыр келіншек бұл көрініске кәмілетке толмаған қызы да куә болғанын айтады. Бұл оқиға қызының психологиясына теріс әсерін тигізеді ма деп алаңдайды. Мұндай бейберекетті көріп жағасын ұстаған тұрғындар, іштегі реніштерін жеткізді.
"Барлық бала шықты. Мұның барлығы біздің көзімізше өтті. Қызым үйде жатыр, жылап. Өйткені біз бұл иттерді күшік кезінен қарағанбыз. Олар ешкімге қарап қаппайтында", - дейді Елена Васильченко.
Оқиға Оңтүстік Қазақстан облысы медициналық колледжінің маңында болған. Қаңғыбас иттер оқу ордасына көршілес орналасқан көпқабатты тұрғын үй маңын мекен еткен. Тағы бір видеоны оқу ордасының студенті ұялы сымтетіктің таспасына жазып алған. Онда ветеринарлық қызмет мамандары шаһардың қақ ортасында азулыны жайратып салып, көлікке тиеп жатыр. Айтуларынша, бұл қызметті арнайы шақырту бойынша жүзеге асырған.
Жауапты мамандарға бір күн бұрын медициналық колледждің коменданты арыз тастаған болып шықты. Мұхтар Имашевтің сөзінше, бұл жерде қаңғыбас иттер қаптап жүреді. Тіпті олардың студенттерді қапқан деректері де тіркелген.
"Біз ескерткенбіз. Егер сіздердің иттеріңіз болса, тиісті ережеге сай ұстаңыздар. Мұнда 10-нан астам қаңғыбас иттер жүреді. Уже қапқан фактілер болады. Қарындасымыз иттен қорқады. Қаңғыған арамы иттер бар. Немесе документін көрсетсін, байлап қойсын олар өз терреториясында жүру керек", - дейді колледж комменданты Мұхтар Имашев.
Мәселе мұнымен де бітпепті. Телеарнаға хабарласып иттерге жаны ашып, пікір білдірген колледж студенттерінің бірі осы әрекеті үшін білім ордасы мамандарының тарапынан қорқыту әрекеттері болғанын айтып отыр.
"Маған сенімен басқаша сөйлесеміз деп айтты. Өйткені мен мұндай бассыздыққа қарап тұра алмадым. Олар иттерді жүксалғышқа тастап жатты жұрт көзінше атып. Мұнда иттерді қапты деген дерек орын алмаған мүлде. 4 жыл болды ғой оқып жүрміз", - дейді студент қыз.