08 мамыр 2019 12:00

Талдықорған жолдарын бұдан былай түзету колониясы жөндейтін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pressa40.ru © pressa40.ru

Талдықорған жолдарын бұдан былай түзету колониясы жөндейтін болады. Шаһардағы тозығы жеткен көшелерге жөндеу жұмысын Өскемендегі түзету мекемесі жүргізбек. Тапсырыс беруші қалалық автомобиль жолдары бөлімімен тікелей келісім-шартқа қол жеткізген Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты - "Еңбек-Өскемен" түзету мекемесі екен. 16 шақырымға жетер жетпес жолдың құны  538 миллион теңгеге жуық. Мемлекеттік сатып алудағы мұндай өзгерістерді талдықорғандықтар қалай қабылдады? Тапсырыс беруші кімдер? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Хан Досаевті көпке танымал қылған Талдықорған жолдарын енді түзету мекемесі жөндейді деген хабарды естіген қала тұрғындары ғаламторда наразылықтарын білдіре бастады. Әсіресе, мемлекеттік сатып алуларға мердігер ретінде шығыстағы "Еңбек-Өскемен" түзету мекемесі қатысып, жолды жамайды деген жаңалық көптің көңілінен шыға қоймады. Тұрғындардың көбі жеке басының қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын айтып, дабыл қағып отыр.

"Ата-ана болғаннан кейін ол балалар үшін өте қауіпті деп саналады. Әркім солай санауы керек. Себебі, ол адамдар босқадан-босқа, жәй нәрсе үшін отырған жоқ. Сондықтан ондай адамдар емес, арнайы жұмыскерлердің жасағаны дұрыс болады", - дейді қала тұрғыны Ләззат Әділбайқызы.

"Енді оларды да бақылап тұратын адамдар болатын шығар. Жәй ғана қойып бермейтін шығар, бақылап, қарап сыртынан", - дейді қала тұрғын. 

Тапсырыс берушілер болса, бұл алаңдайтындай мәселе емес дейді. Сөздеріне сенсек, "Еңбек-Өскемен" түзету мекемесі талдықорғандықтар үшін жақсы таныс. Былтыр ғана қаладағы 35 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жасаған. Тек ол туралы ешкім білмей қалған сияқты. Дегенмен, тапсырыс беруші әкімдік өкілдері аталған жұмысқа жазасын өтеп жатқандардың еш қатысы жоқ деп отыр.

"Жұмыстарды бас бостандығынан айрылған адамдар жүргізбейді. Яғни, мемлекеттік кәсіпорын тарапынан жұмысқа жалданған адамдар мен техника қолдана отырып жұмыстар жүргізіледі", - дейді Талдықорған қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Әйгерім Әрінова. 

Демек, Талдықорғандағы 2 шағын аудан мен 8 көшенің орташа жөндеу жұмысына жауапты түзету мекемесі болғанмен, жүзеге асыратындар жазасын өтеушілер емес. Екі-жақты келісім-шартта көрсетілгендей қылмыскерлерді түзеу мекемесі суб-мердігер ретінде бостандықта жүрген кез келген жұмысшыны жалдай алады екен. Ал, түзету колониясының мердігер ретінде тендерге қатысуына "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңның өзі мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан біздегі түрмелер енді қылмыскерлерден басқа да бас қатыратын шаруаларды арқалағанын атап өтпеске болмас.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети