21 сәуір 2017 15:59

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 19 оқушысы уланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© hronika.info © hronika.info

Талдықорған қаласында Назарбаев зияткерлік мектебінің асханасында уланған балалардың саны 19-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Талдықорған қаласында Назарбаев зияткерлік мектебінің асханасында уланған балалардың саны 19-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, оқушыларға "ауыр гастроэнтерит" диагнозы қойылған. "Науқастардың жағдайы орташа деңгейде ауыр. Бір тәулік ішінде 16 бала ауруханаға түсті. Кешенді емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті лабораториялық сараптамалар алынды", - дейді Асхан Байдуәлиев. 

21 сәуірде түсте тағы үш бала ауруханаға түскен.

 

Сонымен қатар, Алматы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер балалардың мектеп асханасына барғаннан кейін өздерін нашар сезінгенін айтады. Мектепте кешенді санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүріп жатыр. 

 

Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Талдықорған қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларының қал-жағдайын біліп қайтты. 

Дәрігерлердің айтуынша, балалар 3-4 күнде ауруханадан шығарылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети