04 шілде 2017 11:43

Талдықорғанда "Ашық мемлекет" жәрмеңкесі өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жансерік Бабабшев Жансерік Бабабшев

Алматы облысында орталық мемлекеттік органдардың 24 аймақтық бөлімшесі, 17 облыстық басқармасы, аудандық және қалалық 19 әкімдік мемлекеттік қызмет көрсетеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облысының аймақтық коммуникация қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы облысында орталық мемлекеттік органдардың 24 аймақтық бөлімшесі, 17 облыстық басқармасы, аудандық және қалалық 19 әкімдік мемлекеттік қызмет көрсетеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облысының аймақтық коммуникация қызметіне сілтеме жасап. 

Талдықорғанда "Ашық мемлекет" мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі алғаш рет 2016 жылы "Жастар" саябағында өткен болатын. Ол кезде пилоттық жоба 700 адамды қамтыған еді. Биыл жәрмеңке Алматы облысының прокуратурасы, Әкімдігі және "Атаменкен" ҰКП-мен бірігіп өткізіледі. Бұл туралы Аймақтық коммуникация қызметінің брифингі барысында ҚР мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы Жансерік Бабашев мәлімдеді. 

"Былтыр алғаш рет мемлекеттік қызмет жәрмеңкесін өткіздік, ол жерде Алматы облысының 42 мемлекеттік органы өз қызметін ұсынды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ҚР Үкіметі бекіткен тізіммен қарастырылған. Бүгінде бұл тізімде 723 қызмет бар, Алматы облысында оның 423 түрі көрсетіледі. Жәрмеңке мақсаты Елбасының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" мақаласына негізделген. Яғии осындай қадамдар болашаққа қадам жасап, қоғамдық сананы жаңғыртуға септеседі. Биыл біз жәрмеңкені көлемді өткізіп, 3000 адамды қамтуды жоспарлап отырмыз", - дейді Бабашев. 

Айта кетейік, бұл науқан тұрақты сипатқа ие болады. Осыған байланысты ұйымдастырушылар қала тұрғындарын жәрмеңкеге келуге шақырып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети