ПОДЕЛИТЬСЯ
07 тамыз 2017 | 17:57
Талдықорғанда "QazTalks" шарасы өтті
Жетісу жерінде алғаш рет "QazTalks - ашық әңгіме алаңы" шарасы өтті. Іс-шараға танымал саясаттанушы Саясат Нұрбек, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғали, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Қажыбек, "Айтуға оңай" ток-шоуының жүргізушісі Бейсен Құранбек және белгілі журналист Есболат Айдабосын қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, шара ұйымдастырушылары - Алматы облысының ішкі саясат басқармасы және Орталық коммуникациялар қызметі.

Жобасының мақсаты Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында көрсетілген міндеттердің іске асырылуы бойынша, тәжірибесі мол тұлғаларды топтастырып, солардың салиқалы ойлары, салмақты пікірлері мен үздік идеяларын баршаға жеткізу.
"QazTalks" алаңында қоғамдық құндылықтар туралы Саясат Нұрбек сөз қозғады. Оның айтуынша бүгінгі таңда экономика саласы бойынша жиі өзгеріске ұшырап отырған екі фактор бар. Бірі - жалпы құндылықтар. Екіншісі - институттар.
"Құндылықтар саласы бойынша көптеген зерттеулер жүргізілген. Соның бірі біздің елімізге сай жасалған американдық ғалым Рональд Инглхардың жұмысы. Ол 1981 жылдан бастап "World Values Survey" деп аталатын түрлі халықаралық зерттеулер жүргізген. Отыз жыл көлемінде, 105 елде тәжірибесін өткізген. Аталған әдіс бойынша 2014 жылдан бастап әлеуметтік зерттеулер 18 жастан асқан 1600 адамды қамтитын ауыл және қала тұрғындарынан құралған зерттеу жұмыстары басталды. Қорытындылай келе, қазақстандықтар үшін денсаулық 75,3 пайыз, балалар 54,2 пайыз, қауіпсіздік 44,7 пайыз, материалдық жағдай 40,9 пайыз және махаббат мәселесі 35,6 пайыз құрайды екен. Ескере кететін тағы бір жайт дәстүрімізді, тіліміз бен дінімізді сақтай отыра, келешекте экономикалық дамыған елге айналу", - деді Саясат Нұрбек.
Показать комментарии
Читайте также