07 қаңтар 2020 10:04

Талдықорғандық полицейлер 16-қабаттан секірмек болған жігітті құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Тәртіп сақшыларының жылдам әрекеті мен жүйелі жұмысының арқасында өзіне қол салмақ болған 24 жастағы қала тұрғыны құтқарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Тәртіп сақшыларының жылдам әрекеті мен жүйелі жұмысының арқасында өзіне қол салмақ болған 24 жастағы қала тұрғыны құтқарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

6 қаңтарда түнгі уақытта облыс орталығының полиция басқармасына қалада салынып жатқан 16 қабаттық құрылыстан ер адам секірмекші екені туралы хабар түскен. "Қаратал" шағын ауданына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары 24 жастағы азаматтың тұлғасын анықтап, қайғылы жағдайдың алдын алу шараларын қабылдады.

"Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 24 жастағы тұрғынның отбасылық жағдайына қатысты талаптарын тыңдады. Сол жерге жігіттің жақындары шақырылып, оның қауіпсіз жерге өтуі қамтамасыз етілді. Сараптама нәтижесі бойынша оның масаң күйде екені анықталды",- депді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері. 

Алдын ала тергеу бойынша азаматтың отбасылық түсінбестіктен кейін құрылыстың ең биік тұсына шыққаны белгілі болды. Қалалық полицейлер азаматқа түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізіп, оны үйіне жіберді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети