26 шілде 2015 15:15

Талғар өзеніндегі судың ағу деңгейі қауіпті емес - ТЖ жөніндегі комитет

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Алматы облысындағы жағдай бақылауға алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысындағы жағдай бақылауға алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"8 шілденің таңғы сағат 8.00 жағдайы бойынша Талғар өзеніндегі судың ағу деңгейі қауіпті емес және оның деңгейі секундына 29 текше метр, ал қауіпті көрсеткіш - секундына 45 текше метр. Сонымен бірге, Жетісу Алатауының биік тау аймағында жауын-шашынға байланысты Басқан мен Сарқан өзен бассейндеріндегі су мөлшері жоғарылады", - делінген ТЖ жөніндегі комитеттің хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, 25 шілденің сағат 19.20 жағдайында Сарқан өзеніндегі судың ағу деңгейі секундына 46,9 текше метрге жоғарылады, ал қатерлі деңгейі - секундына 47 текше метр. Осы қатерлі аймақта елді мекендердің жоқтығына байланысты, судың ағу деңгейі қауіп туғызбады. 26 шілденің сағат 12.00 жағдайында Сарқан өзеніндегі судың ағу деңгейі секундына 33,5 текше метрге азайды", - деді комитет өкілдері. 

ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі жолдаған сурет.

25 шілденің сағат 19.00 жағдайында Үлкен Басқан өзенінің Екіаша ауылының аймағындағы судың ағу деңгейі секундына 48 текше метрге жетті, қатерлі деңгейі - секундына 75,4 текше метр, "Мүмкін делінген аймақта Екіаша ауылының төрт тұрғын үйі қалып қойды, ондағы тұрғындары көшірілді. Алматы облысы ТЖД, Сарқанд аудандық ішкі істер бөлімі, "Қазселденқорғау" ММ қызметкерлерінен құраоған топ Басқан өзенінің аңғарына тексеріс жүргізілді. Оның нәтижесінде сел қаупін туғызатын және жағалауындағы бөгеттердің бұзылу қаупі анықталмады. Тұрғындар өз үйлеріне қайтты", - деді ТЖ жөніндегі комитеттің өкілдері.  

ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі жолдаған сурет.

Осыған дейін Талғар өзенінің жоғарғы жағында тұратын адамдарды эвакуациялау басталғаны хабарланған болатын. Өзеннің гидропосттан төменгі ағысында шығын секундына 27 текше метр болды. Айта кетейік, қауіпті шығын - секундына 45 текше метр. 

Сонымен қатар, тұрғындарға гидрологиялық иммараттан су тасқыны болатыны жөнінде SMS-хабарламалар жіберіліп жатыр. "25.07.2015ж. Алматы обл., Талғар аңғарында жаңбырлы сел болу қаупі бар", - деп жазылған хабарламада.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети