22 тамыз 2017 17:20

Талғардағы Kaspi bank бөлімшесінің тоналуы: Куәгерлер мән-жайды айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Куәгерлер Талғардағы Kaspi bank бөлімшесінің тоналуына қатысты жағдайдың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ, шабуыл жасалған ғимараттың суреттері пайда болды.


Куәгерлер Талғардағы Kaspi bank бөлімшесінің тоналуына қатысты жағдайдың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ, шабуыл жасалған ғимараттың суреттері пайда болды.

"(...) Полиция келді, біз соларға қарап тұрдық. Бір полицей тапаншасымен бірге жоғары көтерілді. 3-4 патрульдік көлік келді. Шатырда бір полицей мен бір жігіт болды. 20 минуттай тұрдық. Сосын барлығы кете бастады. Бізде Талғарда күнде үйлер тоналып жатады", -  дейді куәгерлердің бірі.


© Tengrinews.kz

"Дүкенде отырғанмын. Бірде біреулер кіріп келіп "көшеде не болып жатқанын білесіздер ме?" деп сұрады. Содан сыртқа шықсам, жедел жәрдем көлігі тұр. Банк қызметкерлері де жүр. Мен дүкенді сағат 9-дарға қарай ашамын. Ал бүгін сағат 8.30-да келдім. Бетперде киген адамдарды көрген жоқпыз. Уайымдап кеттік", - дейді сол маңдағы дүкеннің сатушысы.

"Бірде шу шығып кетті, қыздардың даусы естілді. Күзетші, аула тазалаушы жүгіріп жүр. Сосын полиция келіп, сол аумақты қоршауға алды. Базарда жүрген екі адамды ұстап әкетті", - дейді ер адам.

Еске салайық, бұл оқиға бүгін, 22 тамызда, таңғы уақытта болған. Видеобақылау камерасындағы жазбадан банктің кассасы көрінеді. Бетперде киген қарақшылар шатырдан қарумен басып кіріп, банк қызметкерлерін байлап тастайды. Сондай-ақ, олар кассадағы ақшаны алып кеткен.

"Қылмыс бүгін таңғы уақытта тіркелді. Оқиға орнында Талғар ІІБ мен Алматы облыстық ІІД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Kaspi bank бөлімшесіне шабуыл жасалған", - деп хабарлаған еді осыған дейін Алматы облыстық ІІД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети